"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

НАХИМОВ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНДЕ «ЖАС ҚЫРАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫНА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАУ РӘСІМІ ӨТТІ

24.12.2020

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

 

- дей келе,  Нахимов негізгі мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің  оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Галстуктерді мектебіміздің директоры, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары,  «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.

          Бұл рәсім «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру мақсатында өткізілді.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында осы жас өрендерді бәсекеге қабілетті, өзіміздің құндылықтарымыз бен дәстүрімізді сақтайтын етіп тәрбиелеу қажеттігін атап өтті. Ішкі руханият арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болашақ ұрпаққа дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт-бағдар берді.
       Бүгінгі «Жас Ұлан», «Жас қыран» қатарына өткен оқушылар да осы елбасымыз меңзеген дара жолдан ауытқымай еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосады деп сенеміз.      

 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст