"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нахимов негізгі мектебінде бракераждық комиссиясының жұмысы туралы ақпарат

Нахимов негізгі мектебінде
бракераждық комиссиясының жұмысы туралы
ақпарат

           Біздің мектепте 2018-2019 оқу жылында 33 оқушы оқиды. «Oсанa-Aгрo»  ш/қ  демеушілігінен барлық оқушылар 100%  ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 4 оқушы жағдайы төмен отбасыларының балалары жергілікті бюджет есебінен қамтылған.
          Мектеп директорының бұйрығымен мектептің тамақтануды бақылау комиссиясының бұйрығы жасалды. Комиссия 5 адамнан тұрады. Комиссия төрағасы: мектеп директоры Кайрбекова Гульбану Кабдешовна, комиссия мүшелері: мектеп медбикесі - Сайдалина Л.Т., мектептің шаруашылық меңгерушісі - Койшибаева А.С., мектептің аспазшысы - Койшибаева Г.К., ата-аналар қауымдастығының өкілі - Курманова А.Ж.
        Бракераждық комиссияның жұмыс жоспары әзірленді. Комиссия акт, хаттама және атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жасайды. Күн сайын комиссия тағам дайындайтын ыдыстан оның дәмін татады, бір балаға берілетін тағамның мөлшері бақылауға алынады, ас мәзірінде көрсетілген  және тағам сапасының нәтижесі дайын өнімнің журналына енгізіледі.
         Оқушыларға салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Сынып сағаттары өткізіледі.
Асханада мектеп әкімшілігінің кестесі, мектеп оқушыларына арналған тамақтану кестесі, тыйым салынған тағамдардың тізімі, ата-аналардың шағымдары мен ұсыныстары жазылған кітап бар.

Жаңартылған күні: 11.04.2019 09:22
Құрылған күні: 11.04.2019 09:22

Текст