"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нахимов негізгі мектебінде 2019-2020 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат

       Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу.

 Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.

        Қыркүйек айынан бастап мектепте қамқорлық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілді.

       Жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім,  және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларына көмек көрсетілді. Мектепке қамтылмай қалған бала жоқ. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды.   Мектепке жол акциясы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардың ішінде 3 балаға  мектепке қажетті киім кешектер алынып, таратылды.

       «Қамқорлық» акциясына барлық сыныптар өз үлесін қосты, белсенді қатысты. Сынып сағаттарында «Қайырымдылық», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік» тақырыптарына арналған  әңгімелер өткізілді.

      Жұмыс жоспарына сәйкес жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, онда төмендегідей мәселелер қарастырылды: «Отбасы тәрбиесі», «Өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті», психологиялық – педагогикалық ата – аналарға білім, мағлұмат берілді.

Балаларымен әңгіме кеңес жүргізіліп, «Ата-аналар бақылауы» бағдарламасын үй компьютеріне орнатып,  балаларды қадағалау керектігі түсіндірілді. Әртүрлі әлеуметтік желіде қазіргі уақытта көбейіп кеткен қоғам үшін қаупі мол ойындарға балалардың кірмеуі қатаң қадағалануы қажет екені айтылды. Сонымен қатар балалардың қалта телефонындағы әлеуметтік желілерді ата-ана тарапынан үнемі қадағалап отыруы қажет екеніне баса назар аударылды.

       Мектеп психологі Нарбаева Анар балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу тақырыбында түсініктеме жұмысын жүргізді. Оқушылардың мінез-құлықтарындағы пайда болатын оғаш қылықтарға ата-аналардың назар аударып, себебін анықтап отыруы керек екендігі айтылды.

          Мектебімізде  Алтын күз мерекесі, Денсаулық күні, Жаңа жыл мерекелері оқушылардың белсене қатысуымен аталып өтілді.  Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне мектебіміздің қамқорлық кеңесі ерекше назар аударады. Наурыз айында «Аналар-асыл жандар» атты мерекелік концерт өтті. Бұл іс-шараны мектептің ер балалары ұйымдастырды.

   Қамқорлық кеңес жұмысы жоспар бойынша атқарылды.

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ж.Ж.Конурова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 23.04.2020 10:27
Құрылған күні: 23.04.2020 15:20

Текст