"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

 

1. Жалпы ережелер

      1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

      3. Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы қағиданы, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

      5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

2. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі

      6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.

      7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

      1) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

      2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;

      3) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

      4) демеушілер кіруі мүмкін.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.12.2016 № 715 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
 8. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      9. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

      10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.

      11. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      12. Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

      13. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс берумен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады.

      14. Қамқоршылық кеңес жұмысының мақсаттары:

      1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

      2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

      4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету;

Жаңартылған күні: 08.04.2019 11:57
Құрылған күні: 23.11.2020 18:22

Текст