Нахимов негізгі мектебінде ҚР тілдер күні мерекесіне орай «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты онкүндік өтілуде. Нахимов негізгі мектебінде ҚР тілдер күні мерекесіне орай «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты онкүндік өтілуде.
Ана тілім,дана тілім,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсіз менің қуанышым,шаттығым,
Сенсіз менің тазалығым,пәктігім.
Нахимов негізгі мектебіде 4- 14 қыркүйек аралығында ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай сыныптан тыс шаралар өткізілді. Жоспар бойынша 4 кыркүйек күні тілдер күнінің салтанатты ашылуы болды. Онда апталықтың жоспарымен таныстырылды. 7 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы Қ.Р.Сейткереева «Тіл-ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырды. 9 қыркүйек күні бастауыш сынып мұғалімі Кенжегулова Б.С.. "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты сайыс өткізді. Тіл туралы өлеңдерді оқушылар жатқа айтып,белсене қатысты.Оған 4, 5,6, сыныптары қатысты.
11 қыркүйек күні 1-4 бастауыш сыныптары аралығында «Гүлдене бер,менің Қазақстаным» атты сурет сайысын ұйымдастырды.Шара оқушылардың өлеңді мәнерлеп, жатқа айту, қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сөз жүйесін дұрыс қолдану мақсатында жүргізілді. Оқушылар тіл туралы өлең шумақтарын оқып, ән шырқап, шараның өз деңгейінде өтуіне белсене ат салысты.