Текст
26.01.2023
Мектеп оқушыларының ауыл кітапханасына экскурсиясы
Мақсаты: оқушыларды ауыл кітапханасындағы кітаптармен таныстыру; олардың кітап оқуға қызығушылын арттыру. Қысқы демалыс кезінде Нахимов негізгі мектебінің оқушыларымен ауылдық кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға бастауыш сыныптардың оқушылары белсенді атсалысты. Олар балаларға арналған жаңадан шыққан ктаптармен танысып, авторлары жайында мағлұмат алды. Балалар кітаптарды өте қызығушылықпен қарап, өздеріне ауылдық кітапханадан кітаптар алды. Балалар экскурсиядан көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне қайтты.
Кітапханашы: А.Т. Ажибаева