Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
«Нахимов негізі мектебі» ММ
7-9 сыныптар арасында өткен
«Қызықты –биология, Ғажайып- химия»
атты химия, биология
апталығының қорытынды есебі
Химия және биология апталығы қараша айының 25-29 аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
Тақырыбы: « Қызықты –биология, Ғажайып- химия»
Апталықтың мақсаты: Химия және биология сабақтарында ,сонымен қатар сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру,шығармашылық қабілетін арттыру.
Апталықтың міндеттері:
-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу.
- әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу.
-пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.
Өткізу принциптері: Әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Апталық мынадай жоспарда өтті:
Апталықтың бірінші күні – 3 сабақ үзілісінде аптылықтың ашылу салтанатына орай жоғары сыныптар жиналды.Айтылым барысында апта бойында өткізілетін іс-шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы, мақсаттарымен таныстырылды .
Апталықтың ашылуын Әбдірахман Лаура Батырқызы 7«А», 8«А» ,
9«Б» сынып оқушыларымен жоғары деңгейде ашты. «Жартылыстану пәндерінің әлемінде» видеоролик
Апталықтың екінші күні – ашық сабақтармен жалғасын тапты .Апта ағымында келесі ашық сабақтар өткізілді .
Әбдірахман Лаура Батырқызы: Химиядан «Ауа.Ауа құрамы »- 7«А» сыныбына ,«Оттек .Оттектің физикалық қасиеті ,қолдануы» -8 «А» сыныптарына . Биологиядан 7«А», 8 «А» сыныптарына «Тыныс алу », «Буылтық құрттардың ұлулардың, жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі.» тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Сабақ әдістемелік талапқа сай құрылған. Сабақ сәлемдесумен, психалогиялық дайындықпен басталып, оқушылардың өткен білімдерін тексере отырып, жаңа сабақпен байланыстыра сабақтың тақырыбын ашты. Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді мұғалім өзінің шеберлігін көрсете отырып, қолдана білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ барысында жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Мұғалім оқушыларды сабаққа қызықтыра білді және бағалауды оқушылар құрылған критериялар арқылы өздері бағалады және стикерлер арқылы кері байланыс жасады. Өткізген сабағын талдай отырып, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, бақылаушылығы, эмоциялық деңгейі «Өте жақсы» деген қорытынды жасадым.
Түрлі әдіс –тәсілдерді пайдаланып топпен жұмыс жасап тамаша сабақ өткізілді.Сабақтарға мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі қатысып ,
талдау жасап жақсы баға берілді .
Құрылған жоспарға сай ашық сабақтарға тоқталсақ:
![]() |
![]() |
Аптаның үшінші күні- «Химия әлеміне саяхат » ары қарай зертханамен жалғасын тапты .Зертханалық жұмысты жүргізген химия жане биология пән мұғалімі : Әбдірахман Лаура Батырқызы .
Зертханалақ жұмыс барысында :
Олимпиадалық жұмыстары жүргізілді .2 кезеңнен тұрады. Апта соңында қорытынды.
Аптаның төртінші күні – Бұл күн ерекше күн болмақ.Оқушылардың тағыда басқа қырынан танылатын күні .Интелектуалды сайыс «Бәрі келді » Бұл сайысқа жоғары сыныптар қатысты .2 топ құрамасы болды. «Өсімдіктер» және «Реактивтер ».Сайыс 6 кезеңнен болды.56/66 ұпай санымен «Реактивтер » тобы жеңіске жетті
![]() |
Екінші ауысымда жоғары сыныптар:
Сонымен қатар қабырға газеті де, қапыда қалмай ,сыныптар арасында сайыс болды.
Апталықтың соңғы және ең маңызды күні- 29.11.19 ж апталықтың жабылу жиыны болды. Апталықтағы химия және биология пәндерінің олимпиадалары бойынша химиядан 7«А», сыныбы Тлектес Жандос ,
8 «А» Қайрат Айда , Яковлева Адина 9 «Б» сыныбынан II орынды иеленсе,
биологиядан Богуславская Галина 9 «Б» сыныбынан II орынмен марапатталады. Сондай –ақ, іс-шараға белсене қатысқан оқушылар да іріктеліп, марапатталды. Атап айтқанда :
Қорыта келгенде апталықта жеті модуль бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады. Осылай апталық аяқталды.