"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адалдық дүкені»- тәрбие мекені болмақ

28.11.2019

Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында  бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде .Соның бірі «Адалдық дүкенін» ашу бастамасы ұсынылған болатын. Аталаған ұсынысқа байланысты Нахимов негізгі мектебінде  «Адалдық дүкені» ашылды.

Жобаның басты мақсаты- қоғамда сенім атмоферасын қалыптастыру және оқушылардың өздерін жақсы, адал адам ретінде  тануға мүмкіндік беру. «Адалдық дүкенінде» оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады.Яғни.дүкенде сатушы жоқ,сатты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек

         Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.Мұндай жобаны жүзеге асыру жастардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға  бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ.Сондай-ақ , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға  әсер ететін нысан болып табылады.Мұндай дүкенді ашу  жастардың жағымды  моральдық қасиеттерін,соның ішінде  ішкі парасаттылық  мен  адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр. Мектеп оқушылары басында таңданса да,өздеріне білдірген сенім үшін  қуаныштарын білдірді.Қазіргі таңда мектеп оқушылары өздеріне қажетті оқу құралдарын,су,тәтті бәліштер  алып жүр. Оқушылар бұл жоба өте қатты ұнады,ары қарай жалғастырып, жыл бойы дүкен жұмыс жасайтын болады.

 

 

 

                                                      Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ж.Ж.Конурова

 

 

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст