Баланың оқуына мақсатты жүйелі көңіл бөлу оның табысты дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуының кепілі болып табылады. Оқуға деген қызығушылықты жоғалту проблемасы қазіргі әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазіргі заманғы балалар бос уақыттарын компьютерде көбірек өткізеді. Ал олардың санаулысы ғана көркем әдебиетті оқиды.
Қыркүйек айында бастауыш сынып оқушылары мұғалімдермен бірге мектеп кітапханасына барды. Экскурсияның мақсаты: Балаларға мүмкіндігінше көп оқу керектігін, кітап оқудың есте сақтау қабілетін жақсартатынын, сөйлеу қабілетін дамытатынын, біздің білімді, мейірімді, адал, ақылды болып өсуімізге көмектесетіндігіне көз жеткізуге тырысу.
Қыркүйек-қазан айларында бастауыш сынып мұғалімдері «Кітап – адамның жан досы» тақырыбында сабақ өткізді. Бұл сабақтар оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге, әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге; оқуға деген қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, әсемдік сезімін дамыту. Сондай-ақ, жыл бойына оқушылармен «Күз», «Қыс», «Ана», «Көктем» тақырыптарында мәнерлеп оқу сайыстары жоспарланған.
Сайыстардың мақсаты: Өлеңге деген сүйіспеншілікті ояту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Оқу ісінің менгерушісі: А.М. Жумабекова