Нахимов негізгі мектебінде өткен
«Мен елімнің ертеңімін» атты
тәрбие сағат ақпараты
Мақсаты:
1. Оқушыларға тәуелсіз елімізді өркендету үшін Отанымызға білімді, саналы азаматтар керек екенін түсіндіру.
2. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, қиялын шарықтату, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Қазіргі өмір талабына сай білімді, мәдениетті, салауатты өмір салтын дәріптейтін, адамгершілігі мол азаматтар болуға үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.
Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр.
Нахимов негізгі мектебі оқушыларының қатысуымен өткен тәрбие сағатында оқушылар карточкада жазылған Отан туралы сұрақтарға белсенді жауап берді. Отан туралы видео-ролик көрсетілді. Отан,туған жер туралы мақал- мәтелдің жартысын толықтырып айтып жарысты. Ертеңгі елдің ертеңі, болашақ елдің дамуы жас ұрпақтың,сіздердің қолдарыңызда екені айтылып,қорытындыладық.