"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Арайлы алтын күз» мерекесі аталып өтті

24.10.2019

Күз – ерекше жыл мезгілі! Күз байлықтың, берекелі бірлікпен, ырыстықтық мезгілі, сондықтан да оны алтын мезгіл деп атайды. Ежелден келе жатқан егіншілер мен жұмысшылардың мерекесі сабан тойдан қалған дәстүр бүгінде «Алтын күз» мерекесі аталып, жер-жердегі оқу ордаларында күздің әсемдігі мен жаз бойы  еңбек еткен еңбекшілер қауымының еңбегін паш ету мен еңбектің қадірін жастарға үғындыру мақсатында аталып өтеді. Қазан айының үшінші аптасында,Нахимов негізгі мектебінде «Арайлы алтын күз» мерекесі аталып өтті. Осы мереке аясында  арнайы бағдарлама құрылып, 3-9 сынып оқушыларын осы шараларға қатыстыру мақсатында қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Мысалы бастауыш сынып оқушылары арасында   күз жайлы түрлі тақпақтар айтылып, әсем әндер орындалып, қызықты сахналық көріністер көрсетілді. 5-9 сыныптар арасында  «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқау өтті.Қызықты өткен байқауда жоғары сынып оқушылары алдарына жан салмады.Оқушылар жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды.Байқау таныстыру,өз өнерлері,күзгі сән үлгісі сайысы тәрізді турлар бойынша өткізілді. Өз өнері бойынша  бірі  сахналандырылған көрініс көрсетсе, бірі авторлық шығармаларын орындады. Жастарға ерекше ұнағаны-өнер сайысы. Бұл кезеңде үміткерлеріміз бойларындағы бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені 9 сынып оқушылары, 1  орынды 7-8 сынып оқушылары, 2  орынды 5 сынып оқушылары алса, 3  орынды 6 сынып оқушылары ие болды. Күз ханшайымы  атағын 6 сынып  оқушысы Тлектес Сымбат иеленді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сайыскерлердің барлығына мақтау қағаздарымен марапатталды. Күзгі бал көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс–шаралар жастарымыздың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.

Просмотров: 351


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст