Барлық өмір ағымында білім беру жүйесінен жаңа жағдайларда оның сапалы және үздіксіз болуын талап етеді. Сондықтан қазақстандық білім беру жүйесінің алдында заманауи әдістер мен оқу бағдарламаларын меңгеру, оқыту деңгейін көтеру, талап етілетін білім және дағдыларын қалыптастыру, қоғамдық сана-сезімін жаңарту, функционалды сауаттылығын, үш тілдік, сын тұрғысынан ойлау және т.б. дамытуды талап етеді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы қойылғаны, білім беру сапасын көтерудің әлеуеттік деңгейіне тәуелді. Өткен оқу жылында критериалды бағалауды қолдана отырып, жаңартылған бағдарлама бойынша алты сынып/жиынтығы білім алды.
Пәндерді оқыту әдістерін жетілдіру мақсатында, мектептің педагогикалық ұжымымен мектеп үйлестірушісі және ЛУПС Ж.С. Жусупова «Бағалау жүйесіндегі критериилер және дескрипторлар», «Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер» және т.б. тақырыптар бойынша коучингтер өткізді. Өткізу нәтижесі бойынша мынадай шешім қабылданды: критериалды бағалау бойынша әдістемелік-нұсқаулықты және нормативтік құжаттарды үнемі зерделеу.
Іс-тәжірибесін қорыту және біліктілігін көтеру арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі жетілдірілді. Ол әр түрлі үлгіде жүргізілді: дәстүрлі – біліктілігін көтеру курстарында, ұжым арасында - әдістемелік бірлестіктерде, әртүрлі деңгейдегі семинарларда, жеке педагогтармен немесе мұғалімдер топтарымен кеңес беру жұмыстарында.
Мектеп педагогтарының барлығы ҚР-ның орта білім берудің жаңартылған мазмұны аясында біліктілігін көтеру курстарынан өтті.
2018 жылдың 15 қарашасында біздің мектепте «Білім берудің жаңартылған мазмұны аясында оқушылардың уәжін арттыру әдістері» тақырыбы бойынша аудандық семинар өтті.
Семинарды өткізу мақсаты: мектеп педагогтарының кәсіби өсуіне жағдай жасау, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайларында мектептің әдістемелік жұмыс тәжірибесінен трансляция.
Бастауыш сыныптар мұғалімі Г.Х. Конурованың, физика мұғалімі
А.Г. Нарбутинаның өткізген шебер-сыныптарының нәтижесі бойынша алған тәжірибесінің практикалық маңызы жайында көптеген жағымды пікірлер, оның өзектілігі, алған білімдерін өмірде және кәсіби қызметінде қолдануға даярлығы жайында айтылды.
Мектеп педагогтарының барлығы өзінің практикасында сабақтарды жүргізгенде әр түрлі әдіс-тәсілдерді: инновациялық технология элементтерін, Интернет желілерін, жаңа нұсқадағы (мультимедиялық және физика) кабинеттерді пайдаланады. Интербелсенді тақталардың болуы осы кабинеттерде сабақтарды және сыныптан тыс іс – шараларды түрлендіруге, оқушылардың қызығушылығын, ынтасын арттыруға, білімдерін бақылау үлгілерін түрлендіруге мүмкіндік берді.
Мектеп мұғалімдері семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби сайыстарға қатысу арқылы өздерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда және олардың жақсы көрсеткіштері бар.
Мысалы, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Л.Ж. Асылбекова «Қазақ тілінің үздік мұғалімі – 2019» аудандық сайысына қатысып, 2-орынға ие болды, мектеп психологы А.Е. Нарбаева «2019 жылдың үздік психологы» аудандық сайысына қатысып, 3-орын, физика мұғалімі А.Г. Нарбутина «Үздік жас маман» аудандық сайысына, «Жаңашыл мұғалім-2019» республикалық сайысына және Жарқайың ауданының «Білім беру бөлімі» өткізген басқа да көптеген сайыстарға белсенділікпен атсалысты.
Мұғалімдер өзінің жұмыс тәжірибесін, жарияланған мақалаларында, ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарында және жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми мақалалардың жиынтығына ұсынды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп ұжымына біріншіден, зор денсаулық, еңбекте табыс, шығармашылық ізденіс, сарқылмайтын жігер және игілікті оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналардың болуын тілеймін!
Мектеп әкімшілігі