1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелердің бірі.
Нахимов негізгі мектебінде осы атаулы мереке күні жыл сайын дәстүр бойынша мерекелік іс-шара ұйымдастырылады. Осы жылы да бастауыш мектеп оқушылары мен «Шаттық» шағын орталығының балғындарының қатысуымен шағын мереке болып өтті.
Бастауыш сынып мұғалімі Бахыт Советқызы Кенжегулованың ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шарада бүлдіршіндер белсенді ат салысып, түрлі интеллектуалды сайыстар мен жарыстарға қатысып, түрлі тәттілерге ие болды. Ауыл әкімі Ғизат Төлегенұлы Садвакасовтың демеушілігінің көмегімен барлық бүлдіршіндерге тәтті сыйлықтар таратылды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Г. Нарбутина