20 жылдан астам уақыт бойы ақпараттық технологиялар
біздің өмірімізді күн сайын өзгертіп келеді: интернет пен
мобильді байланыс коммуникацияның жаңа нысандары,
экономикалық белсенділік пен ойын-сауықтар үшін негіз
болды.Жаңа техникалық мүмкіндіктерді мемлекеттік органдар өз
процестерін оңтайландыру жəне азаматтарға неғұрлым
сапалы қызмет көрсету үшін пайдаланады.
«Электрондық үкімет» термині көптеген «онлайн»
іс-шараларды қамтиды жəне нəтижесінде мемлекеттік
мекемелерге бару қажетсіз болып қалды.
Алайда, адамның бір негізгі қажеттілігін елемеуге
болмайды, ол – қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігі.
Əсіресе, бұл ақпарат қауіпсіздігіне қатысты, себебі бұл
қатерлер əрқашан бір қарағаннан байқалмайды жəне жиі
бағаланбай жатады. Оны қамтамасыз ету үшін АКТ-ны
пайдалануға тартылған əрбір адамнан білім мен іс-əрекет
талап етіледі. Барлық пайдаланушылар «оффлайн»
сияқты «онлайн» да сақ болуы тиіс.
Ақпараттық технологиялар мен интернет ұсынатын
мүмкіндіктерді сақтау үшін тəуекелдерді азайту маңызды.
Қауіпсіздік оған барлық қатысушылар өз үлестерін қосқан
кезде ғана мүмкін болмақ.