Текст
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бұл – қазақстандықтар үшін ерекше мейрам. Біздің мемлекетіміз – түрлі этникалық топтар мен халықтар бейбітшілікте өмір сүретін көпұлтты үй. Сондықтан осындай күні басқа ұлт өкілдеріне жылы қарым-қатынас білдіру өте маңызды.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Нахимов негізгі мектебі қабырғасында жәрмеңке ұйымдастырылып, өткізілді. Түрлі ұлттардың тағамдары дайындалып, қонақтар да шақырылды.