"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз – алғыс айту күні

02.03.2019

1 наурыз – алғыс айту күні

         Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

         Алғыс айту күні – тарихқа тағзым ету күні. Бұл күн Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

         Нахимов негізгі мектебінде аталмыш мерекені өткізуге жеке жоспар құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша 24 ақпан күні 2-9 сыныптар аралығында «1 наурыз – алғыс айту күні» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Жас ерекшеліктеріне байланысты 2-4 сынып оқушылары арасында «Жүректен жүрекке» атты суреттер сайысы, 5-9 сыныптар аралығында «Барлығы үшін алғыс айтам...» тақырыбында эссе сайысы өткізілді.

         1 наурыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.Г. Нарбутина 5-9 сынып оқушылары арасында мерекелік күнге байланысты ақпараттық сағат өткізіп, 1 наурыз мерекесінің маңыздылығын айқындады. Сол күні мектептің спортзалында ата-атаналардың қатысуымен флешмоб өткізілді. Флешмобты Нахимов негізгі мектебінің жасұландықтары асқан жауапкершілікпен ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізе білді.

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А.Г. Нарбутина

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст