«Өлкемнің тарихы – рухани қазынам!» мұражай жайында
Нахимов негізгі мектебінде мектептің педагогикалық ұжымының, ауыл кітапханашысының, «Нахимов ауылдық округінің аппараты» ММ мамандарының, бұрыңғы ауыл әкімі, ауылдың зейнеткері Н.А. Яковлевтың қатысуымен мұражай ұйымдастырылды. Мұражай 2018 жылдың 15 қаңтарында ашылды.
Өз ауылының тарихы арқылы оқушылардың қазақстандық патриотизмін және жоғары адамгершілігін қалыптастыру мақсатында, «Туған жер» бағдарламасы аясында «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізілді.
Нахимов негізгі мектебінің педагогикалық ұжымы «Жас өлкетанушы» үйірмесінің мүшелерімен біріге отырып, көптеген даярлық жұмыстарын жүргізді.
Көптеген жылдары бойы байырғы тұрғындардың ұсынған материалдарымен, «Сыныптастар» әлеуметтік сетін пайдаланып және алынған мәліметтер негізінде, ауылдың құрылған уақыты анықталды және осы елді мекеннің құрылу себептері, байырғы тұрғындары, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдері, тыл еңбеккерлері кім екені белгілі болды, шаруашылық ерекшеліктері, жануарлар және өсімдік әлемі, әлеуметтік инфрақұрылымы, ауылдың дамуына көптеген үлес қосқан адамдар жайында альбом жасалды: «Нахимов мектебінің жылнамасы», «Өткен жылдарға бас иеміз!». 3*2м баннер, 6 стендтер ресімделді, барлық фотоальбомдар 2 үстелде шынымен жабылып қойылған.
Сонымен қатар, «Нахимов ауылының энциклопедиясы» атты презентация түрде материалдар ресімделді.
Материалдарды тарих бойынша рефераттар, мақалалар және баяндамалар жазу үшін көптеген оқырмандарға пайдалануға болады, сол сияқты өлкетану бойынша сынып сағаттарын, сыныптан тыс іс-шараларды жүргізу үшін де қолдануға болады.