Текст
2022 жылдың 9 ақпанында бастауыш сынып мұғалімі Жумабекова А.М.
3-сыныпта «Елімнің рәміздері» тақырыбында әлемді тану бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта балалар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы қызықты деректер мен мәліметтер алды.
Оқушыларды ресми және бейресми белгілерді білдіретін сөздердің мағыналарымен таныстырды. Мұнда мұғалім оқушыларға еліміздің рәміздері туралы танымдық слайд-презентация көрсетті. Айгүл Мұсылманбекқызы сабақта АКТ технологиясын, сонымен қатар 7 модуль технологиясының элементтерін қолданып, сол арқылы сабақты нәтижелі, 3-сынып оқушылары үшін есте қаларлықтай етіп өткізді.