Нахимов негізгі мектебінде кітапханашы мен ата-аналардың қатысуымен онлайн-форматта «Анам, әкем және мен – оқырман жанұя» тақырыбына әдебиеттік базарлық атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа қызығушылығын, кітап оқуға құмарлығын арттыру; олардың ой-өрісін кеңейту. Іс – шараға ата-аналармен бірге оқушылар да қатысты.
Кітап – әлемдегі ең маңызды және ұлы ғажайыптардың бірі. Кітаптан маңызды ақпарат алуға болады. Ол бізді өткен өмірді елестетуге және болашақтың құпияларын ашуға жетелейді. Кітаппен және оның кейіпкерлерімен біз саяхаттай аламыз, кітап – бұл оқу мен қиялдың қызығушылық әлемі.
Мектеп кітапханашысы: Қ.Р. Сейткереева