"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

27.02.2017

Жарыс: «Не? Қайда? Қашан?»

Қатысқандар: 1-5 сыныптын оқушылары

Мақсаты :  Оқушылардың алған білімдерін тереңдету,  оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз

бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін

дамыту.
Жарыс барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 
Жүргізуші:Қайырлы күн,құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! 

Ғылымның сырын ұғына 
Шығыңдар білім шыңына, 
Ұқыптылық пен зеректік 
Жеткізер сіздердей өренді, 
Жеңістің мынау шыңына-деп бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын білім сайысына қош келдіңіздер!  
Жүргізуші:

Жиналған ылғи дарындар. Жүректе от, көздерінде жалын бар 
Жүргізуші: 
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде

білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаев та жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы- білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны: 
Білекті бірді жығады, 
Білімді мыңды жығады. 
Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер

«Не? Қайда? Қашан?» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер 
Ойын алаңына сайысқа қатысушы үміткерлерді шақырамыз. 

2.Таныстыру 
Топ мүшелері таныстырылады /әр оқушының жеке жақсы қасиеттері туралы айтылады/ 

Жүргізуші: Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз, 
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар, 
Жүлдені өнерлі тапқыр алар. 
Кім өнерлі , кім тапқыр –шешу қиын. 
Қазылар алқасы болмаса нық сын алар – дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс.

3.Ойын ережесімен таныстыру: 
Сендердің алдарыңда зырылдауық қойылған,айналдыру арқылы сұрақ таңдалып алынады.Әр тапсырманы ойлануға 2 минут уақыт

беріледі.Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. 
Нақты толық дұрыс жауаптар ғана есепке алынады.Жанкүйерлердің жауабы саналмайды.

Құрметті сайыскерлер сайысымыздың шарттарымен таныс болдыңыздар.Енді сіздерді сәл ширатып алғым келіп тұр

Бұл кезең «Шынығу» деп аталады 
4.«Шынығу» кезеңі: 
1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды? 

Жауап: Екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті 

2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? 

Жауап: Төртеу 

3.Қаздар ұшып келеді. Алдында бір қаз және оның артында екі қаз. Ең соңғы қатарда бір қаз және оның алдында екі қаз. Екі қаздың

ортасында бір қаз және барлық қаз бір қатарда ұшып келеді. Барлығы неше қаз? 

Жауап :Үш қаз 

Жүргізуші: Қандай сынақ болса дағы беріспе, 
Әрқашанда үміткерміз жеңіске. 
Армандарға қол созумен келеміз, 
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. 
Білімменен қаруланған тобымыз, 
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз 
5.Ойын барысы: 
Сайыскерлерге қарсы сұрақ: 

1 сұрақ:
-Менің қолымда тұрған кесе, ішінде су бар,егер ішіндегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? 

Жауап: Судың бәрін ішіп қойсақ ішінде ауа қалады. 

2 сұрақ:

Математика мұғалімі 
-Пифагор туралы не білесіңдер? Ол кім? 

Жауап: Ол көбейту кестесін жасаған әйгілі математик. 
3сұрақ:
5 сынып оқушысы ойнайды 
-Елеуішпен су әкелуге бола ма? Болса қалай әкелуге болады? 

Жауап: Болады,қар мен мұз күйінде 
4 сұрақ:  

-Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі? 
Жауап: -Жолда жүру ережелерін жақсы білетін жасы

14 –ке толған балаларға ғана көше бойымен жүруге рұқсат етіледі. 
5 сұрақ: «Қара жәшік».  
-Қара жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда"ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген

болатын, қазір бұл зат балаладың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте

жатқан не.? 
Жауап: кубик 

6 сұрақ:  
-Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі.

Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады. 

Жауап:Интернет 
7 сұрақ: «Цифр жазылған қағаз»
-188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады. 
Жауап: ортасынан бүктеу керек 
8 сұрақтар: 
-Ағашты тазалайтын орман санитары / тоқылдақ/ 
-Әлемдегі ең үлкен жануар. /кит/ 
-Ұша алмайтын құстар /тауық,түйеқұс, пингвин/ 
-Жұмыртқа баспайтын құс? /көкек/ 
-Жүрегі ең кішкентай аң / арыстан/ 
9 сұрақ: «Логикалық сұрақ »
Қария қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы.

Неше тірі жан қалаға бара жатыр? 

Жауап: Жалғыз қария ғана 
10сұрақ: «Музыкалы үзіліс»
11сұрақ: 

«С» - дан басталатын сегіз сөз. 
Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын: 
1.Сұйық зат 
2.Зат немесе құбылыс атауы 
3.Дақыл атауы 
4.Жеміс аты 
5.Қарудың аты 
6.Жоғары оқу орнының оқушысы 
7.Өсімдік атауы 
8.Студентке төленетін айлық 

  Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау.

Тауды биік деме сен

Талаптансаң шығарсың

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң шығарсың- дей

келе  сайысымызды аяақтаймыз.

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст