"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

08.04.2017

«Үздік

педагог» байқауының  қорытындысы бойынша

Нахимов

негізгі мектебінің  ұйымдастыру

комитетінің отырыс

ХАТТАМАСЫ

 

                                                                                    

                                                                            «24»наурыз 2017 ж.

                                                                           Қатысқаны:5

                                                                           Қатыспағаны:-

                                                                                    

                                     

Күн тәртібі:

1.    «Үздік педагог» атты байқаудың өткізілуінің қорытындысы.

                                                                   

ТЫҢДАЛДЫ:

Ж.С. Жусупова. Педагогикалық қызметкерлердің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық қызметін

дамыту және жаңа технологияларды қолдану, кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында, біздің мектебімізде 24 наурызда «Үздік педагог» атты мұғалімдер арасында байқау өткізілді. Жеке өтініштер бойынша 4 мұғалім байқауға қатысты.

Олар мына мұғалімдер: А.М.Мырзахметова, Л.Ж. Асылбекова, А.Г.Нарбутина, Б.С. Кенжегулова.

Әділ-қазылар алқасының құрамы төмендегідей:

Төрайымы: Г.К. Кайрбекова –мектеп директоры

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Ж.С. Жусупова – оқу ісінің меңгерушісі

Г.Х. Конурова – тәрбие ісінің меңгерушісі

Г.М. Кичук – жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі

А.Е. Нарбаева – кәсіптік төрайымы 

Әділ-қазылар алқасына келесі материалдар ұсынылды:

«Менің жетістіктерім-менің мақтанышым» оқытушының өзіндік презентациясы, мастер класс (20 минут), байқауға

қатысушының портфолиосын ұсыну, мұғалімнің шығармашылық жұмыстары.

     Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде «Менің жетістіктерім-менің мақтанышым» атты  әсерлі 

слайдтар арқылы қатысушылардың пікірлерімен өзіндік презентациялары ұсынылды.

     Екінші кезең бойынша мұғалімдердің мастер класстары қаралды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Л.Ж. Асылбекова  дамыта оқыту технологиясы бойынша құрылған ашық сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрснов «Егіннің бастары», бастауыш сынып мұғалімі Б.С.

Кенжегулова  дүниетану пәні бойынша «Ауыл» атты сабақта дамыта  оқыту технологиясының  элементтерін қолданды, тақырыбында сабақ берді.

     Үшінші кезең бойынша байқауға қатысушы мұғалімдердің педагогикалық жетістіктері мен

бейне фильмдері және  шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Сонымен қатар жаңа технология бойынша жасалған сабақтары , оқушылардың білім сапасы, мектептік және аудандық олимпиада нәтижелері,

кабинеттер, ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар т.б тыңдалды.

ШЕШІМІ:

1. Байқаудың жеңімпаздары болып мына мұғалімдер саналсын:

Гран- При – Нарбутина А.Г.

бірінші орын иегері-Асылбекова Л.Ж.;

екінші орын иегері –Кенжегулова Б.С.

үшiншi орын иегері- Мырзахметова А.М.

2. Осы байқауға қатысушыларды мадақтау қағазымен және жүлделі сыйлықтармен марапаттау.

3. Аудандық «Үздік педагог-2017» байқауына Нарбутина А.Г. қатысуға жіберілсін.

4. Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ байқаудың хаттамасы жіберілсін.

 

 

Ұйымдастыру комитетінің төрайымы:_________/Г.К. Кайрбекова/

 

Ұйымдастыру комитетінің хатшысы:___________ /Г.Х.Конурова/

Просмотров: 2636


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст