Бақытты балалық шақ
Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Балалар - қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі» деп атап өткен болатын. Бала- біздің болашағымыз, ертеңге үміт артар тірегіміз. Еліміздің жас ұрпақтарын саналы тәрбиелеу, оларға рухани - адамгершілік, Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие беру, олардың құқықтарын қорғау–біздің алға қойған мақсатымыз. Балалардың құқығын қорғауды бүкіл Дүниежүзі қолға алып отыр. Біздің мемлекетіміз де бала құқығын қорғау мәселесіне ерекше мән беруде.
Елімізде жыл сайын « 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» атап өтіледі. Бұл мерекеге біздің Нахимов негізгі мектебінің оқушылары да атсалысты. Балаларды мектебіміздің директоры Г.К. Кайрбекова мерекемен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді. Мектеп ауласында бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетті: туған жер, Отан туралы өлеңдер оқыды, әндер шырқалды, әр түрлі билер биледі. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршіндерге ертегілер әлемінен қонақтар келіп, оларға қызықты ойындар ойнатты, жұмбақтар шешу, жас суретшілер сайыстарын өткізді. Мерекенің соңында мектеп әкімшілігі балаларға сыйлықтар таратты.