Өзіндік талдау
Оқушылардың еңбекке баулуға қызығушылығын ояту
үшін, олардың - әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде
пайдалануға тәрбиелеу, табиғатты қорғауға баулу, мен 1- сыныпта еңбекке
баулудан «Оригами құрастыру» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.
Бұл сыныпта 4 оқушы: 1 қыз бала, 3 ер бала оқиды.
Менің сабағамның мақсаты: қағазды бүктеу
тәсілдері арқылы, лалагүлін құрастырып үйрену; оның ішінде ең тиімді, қарапайым
әдісін меңгеру, әдемі өнер туындысын жасап шығару; қол икемділігін дамыта
отырып, ойын, танымдық қабілеттерін арттыру, бейімділігін қалыптастыру, сөздік
қорларын молайту.
Менің міндетім, әр
оқушыға осы тақырыптың, сабақтың кезеңдерінің
маңызын жеткізу: ұйымдастыру кезеңі,
психологиялық дайындық, қызығушылықты ояту, жүмбақты шеш, өленді мәнерлеп оқы,
сергіту сәті, ассоциация құру, мағынаны тану, тренинг «Мен гүлмін», ой толғаныс.
Оқушыларды бағдарлай отыра,
мен олардың жұппен тапсырмаларды өте қызығушылықпен орындайтынын байқадым, олар
жұппен мысалдар шығарды, логикалық ойлауға тапсырмалар орындады, бір-біріне
көмектесті, жұптағы әр бала тапсырманы орындауға белсенді атсалысты, оларға
ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындау қызықты болды, постермен біріге
отырып, жұмыс істеді.
Сабақтың сонында ой толғаныс
жүргіздім, мен балаларға стикерлер
үлестірдім, ал балалар жаңажылдық ойыншықтарды шыршаға жапсырды.
Менің өзімнің сабағымда
байқаған кемшілігім, сергіту сәті жас ерекшеліктеріне сәйкес келмей қалды.
Осыған
орай, мен мынадай қорытынды жасадым: әр мұғалімнің негізгі міндеті- өзінің әр
сабағын қызықты да тартымды өткізуі болып табылады, тапсырманы оңайдан қиындата
отырып, үлгерімі төмен оқушыға ерекше көңіл бөліп және жақсы оқитын оқушыларға өзінің білімін
көрсете білуге, сонымен қатар өзінің қабілетін дамытуға мүмкіндік беру қажет
деп ойлаймын.