Менің педагогикалық ұстанымым:
«Оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, балаларды рухани- адамгершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу »
2016-2017 оқу жылында сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
1. Біздің алға қойған міндеттеріміз: « Заман талабына сай дамып келе жатқан оқушының бойында ұлттық қадір-қасиет қалыптастыру»;
2.Ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы жан-жақты дамыған білімді шәкірт тәрбиелеу;
3.Ізгі ниетке, адамгершілікке, әлемдік жаңалықтарға құмарлыққа тәрбиелеу; Отанын , туған елін
, атамекенін сүюде ерекшеліктерін көрсету.
3 сыныпта 3 оқушы білім алады:
№ |
Қыз бала |
Ұл бала |
1 |
- |
3 |
№ |
Үздік оқушы |
Жақсы оқитын оқушы |
Орташа оқитын |
1 |
Батих Кенжебек |
Қайрат Алихан Құрман Нұржан |
- |
Сынып оқушыларының
ата – аналары жайлы әлеуметтік – тұрмыс
жағдайы жайлы мәлімет:
Толық жанұя |
Толық емес жанұя |
Аз қамтылған жанұя
|
БатихКенжебек Құрман Нұржан Қайрат Алихан |
- |
- |
Оқу жылының басында сынып сағатында
сынып белсенділері сайланды.
Сынып белсенділер:
Топ басшысы – Қайрат Алихан
Оқу секторы- Батих Кенжебек
Спорт секторы- Құрман Нұржан
Сынып оқушылары мектепішілік ертеңгіліктерге белсене араласты.
Сыныпта осы оқу жылы бойынша өткізілген іс-шаралар: қыркүйек айында «Менің Отаным-Қазақстан ,
«Күнделікті тәртіп ережесі: мектепте, үйде және көшеде»,Қазақстан халқының
Тілдер күніне орай «Тіл-халықтар достығының кепілі», «Балалар және Заң», қазан
айында «Сізге барлығы үшін алғыс айтамыз»атты мұғалімдер Күніне арналған сынып
сағаттары, «Мамандық таңдау-байыпты іс»,
«Дені сау ұрпақ-адымды мемлекет үшін»; қараша айында «Басқалармен достықта және
өзіндік өмір сүре біл», «Зиянды әдетсіз болашақ»; желтоқсан айында ҚР- ның тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Елбасы-біздің мақтанышымыз», «ҚР- ның Тәуелсіздігі
күні», «Балалар құқығы» , қаңтар айында
« Мамандықтар әлемі», «Балалық Конвенциясы», «Алғыс күніне» арналған тәрбие сағаттары, «Мамандықтың бәрі жақсы, тек таңдай біл» атты
ертеңгілік ,ақпан айында «Терроршылдық- адамзатқа қарсы қастандық», «Денсаулық еліне саяхат » тақырыбына сынып сағаттары, наурыз айында
«Наурыз мейрамы», «8 наурыз – Халықаралық
әйелдер күні»,«Азаматтық қорғаныс күні » , «Наурыз –Жыл басы» атты сынып
сағаттары, сәуір айында «Су –тілсіз жау», «Жер шары – біздің ортақ үйіміз», «Құстар –біздің досымыз», мамыр айында «Отан қорғаушылар
күні», «Ер есімі –ел есінде» тақырыптарына сынып сағаттары өткізілді.
Патриоттық тәрбие беру бойынша:
«Менің
Отаным – Қазақстан», ҚР- ның тұңғыш
Президенті күні қарсаңында «Елбасы – біздің мақтанышымыз , ҚР-ның Тәуелсіздігі күні «Тәуелсіздік-тұғырым»
атты сынып сағаттары, «Балалар құқығы », «Ұландар елін қорғайды», «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына ертеңгіліктер
т.б. іс-шаралар өткізілді .
Сонымен қатар, ата-ананың сабақтан тыс уақытта баламен
бірге еңбектенуінің үлкен маңызы бар екені белгілі, себебі бұл жағдайда олар
баланың іс- әрекеті, арман-ойы т.б.
туралы мағлұматтарды жиі алып тұрады, сондықтан тәрбиеге үнемі көңіл бөліп отыру қажет.
Баланың кіммен ойнап, кіммен достасатынын, бос уақытын қалай өткізетінін ,қандай
қиыншылықтарды өз бетімен жеңе алатынын,
оқуда қандай жетістіктерге жетуі
керек екендігін және іскерліктерін анықтау мақсатында, ата-аналардан
сауалнамалар алынды. Әр тоқсан сайын
ата-аналар жиналысын өткізіп
отырдым, сонымен қатар балалармен пікір алмастым, ой бөлісіп, олардың өмірге
деген қызығушылығы жайында әңгімелестім. «Ұрпақ
тәрбиесі - келешек қоғам тәрбиесі», «Ата -ананың балаға ықпал ету әдістері»,
«Балаға рухани құндылықтар арқылы тәрбие беру», «Отбасы және ұрпақ тәрбиесі» тақырыптарына
ата –аналар жиналыстарын өткіздім. Алдағы уақытта да ата –аналармен біріге жұмыс
істеп, жасөспірімдерге тәлім –тәрбие беруде өзімнің педагогикалық шеберлігімді ұштай
отыра, еңбек ете бермекпін.