"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

12.12.2017

2017-2018 оқу жылындағы

Нахимов негізгі мектебінде

ҚР-ның бірінші президенті күніне арналған

іс-шаралардың өтуі жайында

ақпарат

 

         Нахимов негізгі мектебінде ҚР-ның бірінші Президенті мемлекеттік мерекесі қарсаңында сынып сағаттар, викториналар, ақпараттық сағаттар мен кітаптар көрмесі сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

         Аталмыш іс-шаралардың негізгі мақсаты оқушылар бойында Елбасымызға деген құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш, нағыз патриоттық сезімдерін тәрбиелеу болып табылды.

         Мектебіміздің оқырмандарына арналған «Елбасы – ел тірегі» тақырыбында мектебіміздің кітапханашысы Р.Д. Сатанова кітаптар көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрмені елбасымыздың шығармашылығынан бірнеще баспа кітаптар, елбасымыз туралы мақалалар мен өлең-жырлар безендірді.

         1-9 сыныптар арасында «Наш президент», «Елбасы – біздің  мақтанышымыз», «Президент Независимого государства» тақырыптарында сынып сағаттар өткізілді.

         «Путешествие по страницам жизни первого президента РК» тақырыбында

екі тілде ақпараттық сағат өткізілді. Оқушылардың назарына 40-тан астам слайд

парақтарынан тұратын презентация ұсынылды. Елбасымыздың өмірбаяны мен еңбек

жолы туралы біраз ақпарат беріліп, оқушылардың да пікірлері ортаға салынды. Оқушылар

белсенділік танытып, президентіміздің өміріне қызығушылықпен тамсана қарайтындықтарын

білдірді.

         Тарих пәнінің мұғалімі Т.А. Ярулина Астана туралы қызықты бейнежазба көрсетті.

          Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктері елбасымыздың қажырлы қайраты, іскерлігі арқасында екеніне тағы бір көз жеткіздік. Ұлт көшбасшысы болып саналатын елбасымыз асқан жауапкершілікпен, төзімділікпен, батылдықпен еліміздің тәуелміз іргетасын қалаған болатын. Әрдайым халықтың

жанашыры Н.Ә. Назарбаев қазақ елін әлемге танытты

Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст