"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.01.2018

Нахимов негізгі мектебінің ұстаздары

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері»

туралы

         Қатысқаны:

20 адам                                                         11.01.2018ж.

         Р.Д.Сатанова – мектеп кітапханашысы

         2018 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстан халқы Президентіміздің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті жолдауымен таныс болды.

         Қазақстанның мақсаты – отыз дамыған елдің қатарына кіру.

         Аталмыш Жолдау жаңа әлем – төртінші өнеркәсіптік революция әлемінде сәттілікке кенелу үшін жасалуы қажетті қадамдарды нақ айқындап отыр.

         Бұл қадамдардың барлығы болашақта үлкен табыстарға қол жеткізуімізге мүмкіндік береді. Қазақстан осы әлемде  өзіне лайық орынды алады деген сенімдемін.

           А.Е. Нарбаева – мектеп психологы.

         Қазақстанда мекен ететін әрбір азамат өзінің алға қойған жоспарын іске асыруда аянбай еңбек етеді. Осындай дамыған әлемде еңбек нарығының тиімділігіне сәйкес әрбір азаматқа мақсатына жетуі үшін қолайлы жағдай

жасалуы қажеттігі Жолдауда нақты айтылған.

         Елімізде негізгі мамандықтар бойынша заманауи стандарттар құрылып, халықты жұмыспен қамту үшін көптеген мүмкіндіктер жасалып отыр. Жұмыссыз отырған азаматтарға жаңа мамандық иесі атанып, өз ісін

ашуға немесе жұмысқа орналасуға болады. Еңбек кітапшаларын электронды форматқа

ауыстыру қажеттілігі – заман талабы және өте қолайлы жаңашылдық.

         А.А.Оспанова – ағылшын тілінің мұғалімі.

         Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жас педагогтар мен тәжірибелі ұстаздардың жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа міндеттерді айқын түсінуі үшін құрылған педагогикалық

кафедралар мен факультеттерді дамыту қажеттігі дұрыс деп есептеймін. Мен, ағылшын

тілі маманы ретінде қазақстандықтардың болашағы оқу бағдарламасындағы жаңа дағдылар

мен үш тілді еркін меңгерумен тығыз байланысты деп ойлаймын.

         Г.Х.Конурова – бастауыш сынып мұғалімі.

         Біздің тұғырлы ана тіліміз – қазақ тілін әлемдік деңгейге шығару қажеттілігін Президент өз Жолдауында атап өтті. Латын әліпбиіне көшу осы мұратқа жеткізеді деген сенімдемін. Ең алдымен білім

беру саласын 2025 дейін толығымен латын әліпбиіне көшіру қолға алынып жатыр.

         2016 жылдан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1 сыныптан бастап оқытылады.

         2019 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде 10, 11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылатын пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Нәтижесінде мектеп түлектері үш тілді

меңгеріп, болашақта еңбек жолында, өмірде тиімді пайдаланады деген сенім зор.

         А.Г.Нарбутина – физика пәнінің мұғалімі.

         Президентіміз Н.Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында мемлекет барлық әлеуметтік төлемдерді толығымен өтейтінін атап көрсетті. Әлеуметтік төлемдердің көтерілуі 3 миллион қазақстандықтардың

табысын көтеруге мүмкіндік береді. Жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс

істейтін ұстаздардың қызметтік ақысын 30%-ға көтеру 2018 жылдың 1 қаңтарынан

бастап іске асырылатын болады. Осындай мақсаттарға жету үшін айтылған 10 міндет анық және түсінікті.

Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст