Нахимов
негізгі мектебінде
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын
іске асыру жайында ақпарат
Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Саяси реформа мен экономинканың жаһандануы сияқты
маңызды жаңартулар енгізілді. Мақсаты отыз дамыған елдің қатарына ену болып
табылады.
Аталмыш көлемді бағдарламаны іске асыру мақсатында Нахимов негізгі мектебінде осы оқу
жылына арналған өтілетін іс-шаралардың жоспары құрылып, бекітілді. Қыркүйек
айында оқушылар мен мұғалімдер арасында ақпараттық сағат өткізілді. Презентация
арқылы бағдарламаның басты мақсаттары мен міндеттері, «Туған жер», «100 жаңа оқулық»,
«100 жаңа есім», «Латын әліпбиіне көшу», «Қазақстанның киелі жерлерінің
географиясы» сияқты арнайы жобалармен таныстырылды.
«Туған жер» патриоттық бағдарламасын іске асыру тарих пәнінің мұғалімі Т.А. Ярулинаға
тапсырылды. Оқушылардың бойында өз ауылына, өлкесіне, тарихына, дәстүріне деген
сүйіспеншілік мен мақтаныш сезімдерін, өз Отанының алдындағы адамгершілік
парызы сезімдерін қалыптастыру мақсатында
ұйымдастырылған «Туған жер» бағдарламасының жылдық жоспары бойынша «Наш
Независимый Казахстан» интеллектуалды ойыны, «Мой Казахстан» дәрісі, «1 декабря
– праздник патриотов» дөңгелек үстелі, «Знаешь ли ты?» интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Қыркүйек айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы қатарына қабылдау рәсімі өткізіліп,
«Парасатты азамат» бұрышы жаңартылды. 6 қазақ пен 9 орыс сыныптары «Болашақ» шаңырағына
біріктірілді, 7 орыс пен 8 қазақ сыныптары «Шапағат» шаңырағына біріктірілді. Әр
шаңырақтың көшбасшысылары еркін сайлау арқылы таңдалып, қыркүйек айында «Қазақтың
30 әні», «Мен оқыған 20 кітап», «Туған елге тағзым» жобалары бастама алды. Қазан
айында жоспар бойынша «Нахимов ауылының тарихы» зерттеу жұмысы іске асырылды. Көлемді
жұмыс нәтижесінде құнды материалдар жинақталып, «Нұр Отан» мен Жастар ресурсты
орталығы ұйымдастырған «Өлкемнің тарихы – рухани қазынам!» атты аудандық
жобалар сайысына 9 орыс сыныбының оқушысы С.Ж. Конурова қатысып, алғыс хатқа ие
болды.
Сонымен қатар шаңырақтар қауымдастығы арасында «Елбасы – ұлт мақтанышы» дөңгелек үстелі,
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» бірегей сынып сағаттары өткізілді. «Туған
жер» жобасының жетекшісі Т.А. Ярулина «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды
ойынын өткізді.
Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің
жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде елбасымыз өте құнды пікірлер айтып өткен
болатын. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: А.Г. Нарбутина