Нахимов негізгі мектебіндегі
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы №290/1.4-10/481 хатына сәйкес 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында Нахимов негізгі мектебінде «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
«Қамқорлық» айлығы туралы бұйрық негізінде мектепішілік акцияны ұйымдастыру және өткізу
жоспары бекітілді, ақпараттық бұрыштар ресімделді. Барлық сыныптарда рухани-адамгершілік
бағыты бойынша «Мейірімді бол» тақырыбында бірегей сынып сағаттары өткізілді. Мектеп оқушыларының сабаққа қатынасуы әрдайым қадағаланып отырады.
Аз қамтылған отбасынан шыққан және қамқорлыққа алынған 5 оқушы жалпы сомасы 60 000
теңгені құрайтын қаржыға қажетті қысқы киімдермен қамтылды.
Осының барлығы И.Н. Пугачев басқаратын «Осано-Агро» мен Е.С. Козел басқаратын «Лотос-Блик» ЖШС көрсеткен демеушілік көмегі арқасында іске асты.