Өлкемнің тарихы – рухани қазынам!
Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды
қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар.
Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған шағын мұражай аталмыш жаңғырудың бір белесі сияқты. Тарихи-өлкетану бағытында жұмыс істейтін мұражай келген жылдың 15 қаңтарында ашылды. Туған ауылдың шежіресін тарқататын
тарихи қызықты деректерге толы мұражайға мектеп оқушылары экскурсия жасап үлгерді.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Нахимовка ауылы жайында географиялық мәліметтер, Нахимовка мектебінің
тарихы бейнеленген мектеп жылнамасы, ауылымыздан шыққан ержүрек ардагер аталарымыз бен алтын құрсақты аналарымыз мұражайдың сәні мен мәні іспетті.
«Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп «Ауылым –әнім» әнінде шырқалғандай
әрбір оқушы туған өлкенің тарихын танып, тәлім-тәрбие алып өссе, бұл ұлттың жаңғыруына алып келері сөзсіз.