СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМГЕ
ҮЙРЕТЕТІН ПӘН
Қазіргі уақытта өзін-өзі тану пәнінің маңызы көп қырлы. «Өзін-өзі пәнінің сабақтары –
балалардың жүрегі мен жанын ашатын есік. Сүйіспеншілік, мейірім, жақсылық сабағы»
деп бекер айтылмаған. Осындай сабақтар оқушыларды сүйіспеншілікке, мейірімді сөздерге,
жақынына көмек көрсетуге, қоршаған әлемді сүюге баулиды.
Нахимов негізгі мектебінде 1-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық
педагогикасы» атты онкүндік болып өтті. Мақсаты рухани-адамгершілік қасиеттері
дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» онкүндішігінің ашылуы салтанатты жиыннан басталды. Жиын барысында өзін-өзі
пәнінің мұғалімдері Г.Х. Конурова мен Б.С. Кенжегулова онкүндіктің жоспарымен
таныстырды.
Мектеп кітапханашысы Р.Д. Сатанова «Мейірім төгетін ана» кітаптар көрмесін ұйымдастырып,
С.А. Назарбаеваның қызметі туралы оқушыларға біраз мәлімет берді.
«Көңіл-күй кемпірқосағы» суреттер көрмесінде көптеген
қызықты жұмыстар ұсынылды. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Т.С. Андреева өткізген
бұл көрмеде көзге түскен жұмыстар 3-4 сынып оқушыларының суреттері болды. Ең үздік жұмыстар
грамоталармен марапатталды.
Онкүндік негізінде өзін-өзі тану мұғалімі Г.Х. Конурова 2 сыныпта «Өзіңді мейіріммен өлше»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.С.
Кенжегулованың 1-4 сыныптар арасында өткізген «Жақсылық жасай білейік!» сыныптар
тыс іс-шарасы өте қызықты және танымды болды. Іс-шара барысында оқушылар көптеген атақты
адамдардың айтқан нақыл сөздерімен танысып, танымдық мультфильмдер қарады.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Б.С. Кенжегулова 6-8 сыныптар арасында «Салауаттылық – өмір
салты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, 6 сыныпта «Армысың, кең дүние?!» тақырыбында
ашық сабақ өткізді.
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігінің нәтижесінде оқушылар осы пәннің маңыздылығын түсініп,
өзін балалық шақтан бастан тани білсе үлкен өмірге аяқ басу жеңіл болатынын ұйғарды.
Бұл пән сүйіспеншілік пен мейірімге үйретеді.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Г.Х. Конурова