"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8- наурыз мерекесі қарсаңында, мектепте мерекелік іс шаралар өтуде

04.03.2021

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.

Нахимов негізгі мектебінде 8- наурыз аналар мерекесі қарсаңында әр түрлі іс шаралар өтуде.  Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.«Ана-тіршіліктің тірегі » тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. 1-2 сынып оқушылары аналарға арналған өлең жолдарын жатқа айтып, әсем әндерін арнады.4-5 сынып оқушылары «Ана-өмір шуағы» атты бейне-құттықтауларын арнады, 1-7 сынып «Әкем,анам және мен біз- бақытты отбасы» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар әр түрлі іс шараларға белсене ат салысу үстінде.

Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Құрметті  әжелер, аналар, әпкелер, қыз – келіншектер келе жатқан мереке құтты болсын!

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст