Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы
Бөлімі: |
7.3А Қысым |
Педагогтің аты-жөні: |
Пернебай Асылай Нұрланқызы |
Күні: |
22.01.2021 |
Сыныбы: 7 «А» |
Қатысушылар саны: 3 Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
7.3.1.4 – газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру; 7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар істей алады: Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңының ұғымдарының теориялық негізгі мағынасын біледі; Көптеген оқушылар істей алады:сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын есептер шығаруда қолдана алады Кейбір оқушылар істей алады:сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біліп өмірмен байланыстыра алады. |
Бағалау критерийлері
|
-Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның қалай таралатынын біледі -Сұйықтардағы гидростатикалық қысымды өмірмен байланыстыра алады |
Құндылықтарға баулу
|
Өндіріс пен ауыл шаруашылығын индустрияландыру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 10 минут
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. "Ой қозғау" «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Үй тапсырмасын сұрау «Миллион кімге бұйырады» бағдарламасы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Дескриптор: - Қысымның анықтамасы мен формуласын біледі. - Қысымның өлшем бірлігін біледі, ХБЖ-не келтіре алады. - Паскаль заңын тұжырымдап, мысал келтіре алады - Ауырлық күшінің , салмақтың, заттың тығыздығының формуласын біледі және ажырата алады.
|
Оқушылар пікірталасқа белсенді түрде ат салысады, өзгелердің пікірін құрметтейді. |
|
Смайликтер
Бүркіт суреті сұрақтар
Қосымша-1
|
|
Сабақтың ортасы 20 минут
|
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.
Сұйық ішіндегі қысым тереңдік артқан сайын ұлғаяды.
Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Гидростатика сұйықтардың тепе-теңдік шарттарын зерттейді. Қысымды есептеп шығару үшін қысым күшін ол әрекет ететін беттің ауданына бөлу керек екені белгілі. Сұйықтың ыдыс табанына түсіретін қысым күші берілген сұйыққа әрекет ететін ауырлық күшіне тең. Ауырлық күші сұйық бағанының салмағына тең: F=Pяғни P=mg. p=P/S немесе p=mg/S ,m=ρV, V=Sh Гидростатикалық қысым деп сұйықтың салмағы әсерінен пайда болатын қысымды айтады. Сұйықтардағы гидростатикалық қысымды былай анықтаймыз: p=gρSh/S,
Сұйықтардағы гидростатикалық қысым сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді болады. Сергіту сәті. 1.Елеуішпен су әкелуге бола ма? 2. Мұз қандай күйге жатады? 3. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ не қалады? 4. Ауа қандай күй? 5. Қандай ыдысқа су құйылмайды? 6. Ал су қандай күйге жатады?
Жеке жұмыс Интербелсенді әдіс І.Физикалық диктант __________________________ деп сұйықтың салмағы әсерінен пайда болатын қысымды айтады. Сұйықтардағы гидростатикалық қысым сұйық бағанының ____________ және оның ______________ тәуелді болады. Қысымның өлшем бірлігіне _____ қабылданған. Қатты денелер қысымды бір _________ жеткізеді. Сұйыққа немесе газға түсiрiлген қысым барлық бағыт бойынша өзгерiссiз берiледi – бұл __________ заңы. Сұйықтың қысымын өлшеуге арналған аспап __________________. . ІІ. Осы қабаттарда орналасқан физикалық шамалар арқылы гидростатикалық қысымның формуласын математикалық түрлендіру арқылы өрнекте. ІІІ.Есеп. Бактегі мұнайдың деңгейі оның түбіне 9,5 м биіктікте. Мұнайдың бак түбіне түсіретін қысымын есепте
|
Оқушылар таратпа материалдарымен жеке жұмыс жасайды.
Оқушылар жеке жұмыс жасап алған теориялық білімдерін практикада есеп шығаруда қолданады. |
Дескриптор: -Паскаль заңының ережесімен мен формуласын, ХБЖ-дегі өлшем бірлігін біледі -Қысымды өлшейтін аспапты біледі. -Формуласына есептер шығару барысында түрлендірулер жасай алады. Жалпы балл-3
Дескриптор: - Есеп шарты бойынша шамалар физика тілінде дұрыс жазылған -Өлшем бірлік түрлендірілген, формула жазылған. -Жауабы сәйкес, толық өлшем бірлігімен Жалпы балл-3
|
таратпа материалдар
Қосымша-3
Қосымша-3
|
|
Сабақтың соңы. 10мин Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы |
« Kahoot» әдісі арқылы жаңа сабақты«Бағдаршам» әдісі.
Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін және сыныптастарын бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма:деңгейлік тапсырма құрастыру (3-5 сұрақ), жаттығу 4.2, сұйқтардағы қысымын таралуын және есептеуын қатынас ыдыстарда ?
|
Оқушылар осы сабақты қаншалықты түсінгендерін бағалайды |
Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады. |
Бағдаршам |
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек? 1: 2: |