Нахимов негізгі мектебінде короновирустан қорғанудың алдын-алу мақсатында сынып сағаттары өтті.Мақсаты: қазіргі таңдағы өршіп тұрған аурудың алдын-алу мақсатында оқушылардың сақтанып жүруі,масканы дұрыс тағуы, антисептик дұрыс қолдануы жайлы ақпарат берілді.
«Коронавирус пандемиясы және оның әлемдегі салдары» тақырыбындағы ашық сынып сағатында балалар белсенді қатысты, пікірталасқа қатысты
Пандемия - бұл денсаулық дағдарысы ғана емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және көптеген елдерде саяси дағдарыс.
Ұстаздардар коронавирустың алдын алу сынып сағатын өткізе отырып, осы жаһандық қатерден қорғанудың бес тиімді әдісімен бөлісе алады: Тұмауға қарсы екпе. Коронавирус туралы сынып сағаттары балаларға вирустық инфекциялардың алдын алу жолымен күресу керектігін ескертеді. Адамдармен аз қарым-қатынас жасау. Covid-19 ауа-тамшы жолдарымен, жанасу және заттар арқылы берілетіндіктен, байланысты шектеу, дүкенге бару сияқты негізгі жұмыстардың кестесін қайта қарау қажет. Гигиена қағидалары. Қол жуу, дымқыл майлықтар мен хлоргексидинді қолдану қажеттілігін және көшеде немесе дүкенде тауарларды ұстамау жөнінде айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ағзаны іштен қорғау. Дене дәрумендерге зәру екенін, тазартылған тамақтан гөрі, қоспасыз тағамдар пайдалы екенін барлығы дерлік біледі, бірақ бәрі бірдей есіне түсіре бермейді. Коронавирус бойынша сынып сағаттары алдын алу үшін ас мәзіріндегі С және D дәрумендерінің, Омега-3 қышқылдарының; термометр, медициналық маскалардың маңызды екенін еске салуға бағытталған. Оқушыларға слайдттар, видео – роликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.