"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Коронавирус індеті таралуының алдын алу мен сақтық шаралары

29.01.2021

Коронавирус індеті таралуының алдын алу мен  сақтық шаралары

 

«Коронавирус COVID-19» деп аталатын пневмония індеті әлі де болса өршіп тұр. Бүгінде бұл індет әлем бойынша, өршіп тұр, күн сайын адам  саны  күн  сайын өсіп отыр. Осыған байланысты Нахимов негізгі мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Конурова  «Коронавирус індеті таралуының алдын алу мен  сақтық шаралары» жөнінде іс-шара өткізді.  1-9 оқушылар арасында коронавирус індеті таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы және өзін-өзі ұстау ережелері туралы видео-ролик көрсетіліп, ақпарат берілді.

Аталмыш індеттің алдын алу үшін, сақтық шараларын мұқият орындау қажет екені және санитарлық режиді толықтай орындап жүру қажет екені айтылды, аурудың белгілерін, асқынуларын, оның қалай берілетіндігі және оны басқаларға таралуын қалай тоқтату керектігі туралы айтылды.

Коронавирус (COVID-19) сияқты респираторлық вирустар, адам ағзасына көз, мұрын немесе тамақ арқылы құрамында вирусы бар шырыш немесе тамшылардың түсуі арқылы таралады. Көбінесе таралу қол арқылы орын алады. Қол сондай-ақ вирустың бір адамнан екінші адамға таралуының ең жиі кездесетін жолдарының бірі болып табылады.

Жаһандық пандемия кезінде вирус таралуының алдын алудың ең қолжетімді, қарапайым және маңызды тәсілдерінің бірі - қолды сабынмен және сумен жиі жуу.

Коронавирустың таралуын тағы да қалай болдырмауға болады?

  • ●    Түшкіру мен жөтелудің дұрыс әдебін сақтаңыз: жөтел немесе түшкіру кезінде ауызды және мұрынды бүгілген шынтақпен немесе майлықпен қалқалаңыз, пайдаланған майлықты дереу тастаңыз және қолды жуыңыз
    ●    Бетіңізге (ауызға, мұрынға, көзге) тимеңіз
    ●    Әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз: қол алысу, құшақтасу немесе сүйісу, бірге тамақтану, бір ыдысты, кеселерді және сүлгілерді бірге пайдаланудан аулақ болыңыз.
    ●    Суық тиген немесе тұмау белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болыңыз.
    ●    Егер сізде немесе сіздің балаңызда жоғары температура, жөтел немесе тыныс тарылу белгілері болса, уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз
    ●    Вируспен жанасуы мүмкін беттерді барынша жиі тазартыңыз (әсіресе қоғамдық орындарда)

 

 

Орындаған: ТІМ Ж.Ж.Конурова

 

 

 

 

Просмотров: 206


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст