"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Нахимов ауылының негізгі орта мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Нахимовка отдела образования по Жаркаинскому району управления  образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылындағы мектепте кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

Кәсіптік бағдар беру бағытында жүргізілген жұмыстар

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде Нахимов негізгі мектебінде  9 сынып оқушыларына  жұмыстар  жыл бойы жүргізілді. 

Мектептің  9  сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізіліп келеді. Мектепте биыл екі оқушы 9 сыныпты аяқтайды.  Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.

Аталған міндеттерді жүзеге асыру - мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті, соның ішінде білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып отыр. Ол білім беру жүйесінде кәсіптік бағдар беру жұмысы арқылы жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысында  және сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысуы міндетті. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт береді.

Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алды. Ол ата-аналар жиналыстары онлайн зум платформасынада  түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастырылды.

Ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге тырыстық.

 

 

 

Орн: ТІМ Конурова Ж.Ж.

Жаңартылған күні: 18.03.2021 19:08
Құрылған күні: 18.03.2021 19:08

Текст